Еуропалық иммундау апталығы

(0 Votes)

Мақат ауданында 2024 жылғы 21-27 сәуір аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен "Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау" ұранымен Еуропалық иммундау апталығы (ЕИА) өтуде.

 2024 жылғы Еуропалық иммундау апталығының мақсаты - әр адам үшін ұзақ және салауатты өмір сүруге ықпал ететін вакциналарға тең және кең қол жетімділіктің маңыздылығын атап өту.

Бұл науқан халықтың жұқпалы аурулардың вакцинопрофилактикасына оң көзқарасын қалыптастыруға, вакцинациядан бас тарту мәселесіне назар аударуға, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтау, өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін иммундаудың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлық деңгейін арттыруға бағытталған.

Иммундау жыл сайын миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалады және бұл жағдайды сақтап қалу қажет. Вакцинамен басқарылатын инфекциялардың өршуінің айтарлықтай төмендеуі көптеген жұқпалы ауруларды сирек кездесетін жағдайға айналдырды. Дегенмен, вакцинамен басқарылатын инфекциялар әлі де мүгедектік пен өлімнің себебі болып табылады. Еуропалық иммундау апталығы әр баланы иммундау жұқпалы аурулардың алдын алу және өмір сүру ұзақтығы үшін маңызды деген негізгі идеяны насихаттауға ықпал етеді.

2024 жылғы иммундау апталығы шеңберінде аудан тұрғындары арасында иммунопрофилактиканы насихаттау жөніндегі бірқатар іс-шаралар жоспарлануда: бұқаралық ақпарат құралдарында науқан туралы жариялау, дөңгелек үстелдер өткізу, халық арасында сауалнама жүргізу, осы ретте амбулаториялық-емханалық ұйымдарда тұрғындарды иммундау мәселелері бойынша жедел желі телефондары жұмыс істейтін болады.

Аталған науқанды өткізуге денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары тартылатын болады.

Балаларын иммундаудан бас тартқан ата-аналармен, халықтың қол жеткізу қиын топтарымен жұмыс істеуге, білім беру мекемелерінде иммундауды насихаттауға ерекше назар аударылады. Адамдарды амбулаториялық - емханалық ұйымдарға шақыра отырып, жұқпалы ауруларға қарсы егуге жататын халықты иммундауды белсенді жүргізуді және екпелердің жету қиын елді мекендерге шығуын ұйымдастыру жоспарлануда.

Еуропалық иммундау апталығының түпкі мақсаты - көптеген адамдар мен қоғамды вакциналар арқылы алдын алуға болатын аурулардан қорғау. Мақат аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мемлекеттік органдарды, ведомстволарды, аудан ұйымдарын Еуропалық иммундау апталығының іс-шараларына белсенді қатысуға шақырады. Иммундау халықтың барлық топтары үшін қолжетімді және тегін!!!

ВАКЦИНАЦИЯ - БАЛАЛАР МЕН БАРША ТҰРҒЫНДАРДЫ БІРҚАТАР ИНФЕКЦИЯЛАРДАН ҚОРҒАУДЫҢ ЕҢ СЕНІМДІ ӘДІСІ!

Авторы Мақат аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының у.м.а Ж.Б.Қабдолова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT