Вакцинация – инфекциялармен күресудің негізгі әдісі

(0 Votes)

Қазіргі таңда жаһанда вакцинация - инфекциялық аурулармен күрестің ең тиімді әдістерінің бірі. Иммунизация жүргізу әртүрлі жұқпалы аурулардың біріншілік алдын алуда ерекше маңызы бар. Вакцинация барлық уақытта көптеген қауіпті жұқпалы аурулармен күресудің негізгі құралы.

Адам организміне әлсіз микроорганизмдерді енгізу әдісі 18 ғасырда медицина ғылымындағы көрнекті жетістіктердің бірі иммунитет қалыптастыру мақсатында миллиондаған адамдар өмірін құтқарды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық күнтізбесіне сәйкес тұрғындарға 20 жұқпалы ауруға қарсы ақысыз, жоспарлы түрде иммундау жүргізіледі.

Жыл сайын вакцинаның арқасында 3 миллиондай сәби ажалдан аман қалып, 750 мыңдай бала мүгедектіктен арылады екен. Вакциналар бәрімізге толыққанды өмір сүруге мүмкіндік пен үміт береді. Бұл үшін бәріміз күресуіміз керек.

А.Абдрашитова,

аудандық орталық аурухананың дәрігер-иммунологы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT