Дәрігерлер тегін қызмет көрсетті

(0 Votes)

Мақат кентіндегі орталық алаңда «Денсаулық фестивалі-2019» акциясы өтті.

Акция тұрғындардың назарын белсенді өмір сүруге аударып, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды насихаттауды мақсат етті. Жастар жылына орай фестивальдің ерекшелігі сол, шараға тек жастар ғана жұмылдырылды. Білім беру ұйымдарынан қатысқан жастар фестиваль аясында ұйымдастырылған түрлі шараларға белсене қатысты. Тұрғындар аудандық орталық аурухана қызметкерлеріне қаралып, кеңес алды.

sania

talas

Ақ халатты абзал жандар тұрғындарға қандағы қант мөлшерін, қан қысымын, холестерин деңгейін өлшеп, тегін медициналық қызмет көрсетті. Сондай-ақ, дәрігерлер келушілерге салауатты өмір салтын ұстану бағытындағы ақпарат қағаздарын таратты.

medikter

arqantartu

Фестиваль барысында ақ желеңділер бір сәтке бой сергітіп, флешмоб биледі. Қатысушылармен екіжақты қарым-қатынас орнатқан дәрігерлер көпшілікті көп қимылдап, тірек қозғалысын ширатуға үндеді. Сондай-ақ, акция аясында аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі арқан тартыс, гір тасын көтеру спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырды.

Тұрғындар шараға белсене атсалысып, бірлескен жобаға қолдау танытатындарын жеткізді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521