Басым бағыттардың бірі - медицинаға инвестиция

(0 Votes)

Қазіргі таңда медицина саласына инвестиция тарту мемлекеттің даму алғышарттарындағы басым бағыттардың бірі. Осы орайда Атырау облысында да мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында «Медикер Жайық» ЖШС қалалық №2 емхананы сенімгерлікпен басқарып, 140 миллион теңгеден астам инвестиция құйды.

Соның ішінде 68 миллион медициналық құралдарды сатып алуға және 72 миллион емхана ішіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалды. Нәтижесінде медициналық көмектің қолжетімділігі артып, емхана базасы айтарлықтай жаңарды.

Айта кетейік, Медикер компаниясы 20 жылдық тәжірибесі бар медициналық ұйым. Еліміздің 20-дан астам аймағында арнайы орталықтары жұмыс жасайды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз