Қазақстан 8 маусымнан бастап ПТР-тест пен вакцинация паспорты талабын алып тастайды

(0 Votes)

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.

Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері және өңірлердің басшылары қатысты. Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия келесідей шешімдер қабылдады:

Бірінші, ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктерге ҚР Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы) құжаттық растау бойынша, ал олар болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну міндетті талабын алып тастауды;

Екініші, Республиканың 7 өңірдегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу пункттердін жұмыс істеуге тыйым салуды алып тастау туралы шешім қабылдады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521