Екпеге жататын халықтың 72%-ы вакцинацияланған

(0 Votes)

Қазіргі таңда елімізде эпидемиалогиялық ахуалдың тұрақтылығына байланысты халық арасында дүрбелең жоқ. Десе де, шектеу аяқталғанымен, сақтық шараларын естен шығармағанымыз жөн.

Бүгінгі таңда ауданы бойынша коронавирустік инфекцияға қарсы салынатын екпеге 13404 адам жатса, олардың 9680-і екпемен қамтылған. Бұл 72%-ды құрайды.
Оның ішінде кенттер және ауылдық округ арасында ең жоғары көрсеткіш Мақат (88%) ал ең төменгі көрсеткіштер Доссор (51,2%) және Бәйгетөбе (68,3%) мекендерін құрап отыр.
Сондай-ақ, аудан бойынша қайта вакцинациялануы қажет 6620 адамның бүгінгі күні тек 3102 адамы ревакцинацияланған. Оның ішінде: медицина қызметкерлері – 100%, мемлекеттік қызметкерлер – 41,8%, полиция қызметкерлері – 54%, мектеп мұғалімдері мен кіші қызметкер – 32%, бала бақша қызметкерлері – 52%, өнер мектебінің қызметкерлері – 41,8%, созылмалы аурулары бар адамдар - 19,8 %, еңбек ұжымдары мен аудан тұрғындары - 52,8 %-ды құрайды.
Бүгінгі күні ауданымызда «VeroCell», «QazVac», «Pfizer» вакциналарымен екпе жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Одан бөлек, «Pfizer» вакцинасы 12 жастан жоғары барлық контингентке, 16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдерге, емізулі аналарға салынады. Сондай-ақ, «QazVac», «VeroCell» вакциналары 18 жастан жоғары барлық контингентке жүргізіледі.
Айта кетейік, қазіргі таңда ауданымызда 454 доза «VeroCell», 744 доза «QazVac», 252 доза «Pfizer» вакциналары бар.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521