АТЫРАУДА ЖАСАНДЫ ҰРЫҚТАНДЫРУДЫҢ 10 РӘСІМІ ОРЫНДАЛДЫ

(0 Votes)

Биылғы 1-ші тоқсанда МӘМС жүйесі шеңберінде Атырау облысында экстракорпоралдық ұрықтандырудың 10 рәсімі орындалды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы ЭКҰ-ны медициналық сақтандыру бойынша кім және қалай өте алатындығы туралы айтылды. Экстракорпоралдық ұрықтандыру процедурасы жоғары технологиялық медициналық қызметтерге жатады және қымбат болып табылады. Бұған дейін ол тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізілген болатын. Алайда, қаржыландыру көлемі аз болды, жылына шамамен 900–1000 квота бөлінді.

Ал 2021 жылдан бастап ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл квота санын 7 есеге – жылына 7 000-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Процедура МӘМС қызметтер тізбесіне кіреді, сондықтан сақтандырылған пациенттер оны тегін өте алады.

2022 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры алдын ала есептелген сомасы 6,68 млрд теңгеге 7 000 ЭКҰ циклын қаржыландыруды көздеді. 1-ші тоқсанның қорытындысы бойынша 824,6 млн теңгеге экстракорпоралдық ұрықтандырудың 835 рәсімі орындалды. Бұл алдыңғы жылдарға қарағанда әлдеқайда көп: 2021 жылдың 1-ші тоқсанында 526 цикл шығарылды. Ал, Атырау облысында 1-ші тоқсанның қорытындысы бойынша 10 млн. теңгеге экстракорпоралдық ұрықтандырудың 10 рәсімі орындалған. «Республикамызда ЭКҰ қызметтерін жеткізушілер еліміздің 9 өңірінен 19 медициналық ұйым, оның ішінде 18-і – жекеменшік ұйымдар болып табылады.

Пациент экстракорпоралдық ұрықтандыру үшін клиниканы өз бетінше таңдауға құқылы. ЭКҰ қызметтерін көрсететін жеткізушілердің тізімімен Қордың ресми fms.kz сайтында «Пациент үшін» бөлімінде, әрі қарай «Емхананы таңдау» батырмасын басу арқылы танысуға болады.» - деп тоқталды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы директоры Байтолла Ғазизов. Кім ЭКҰ-ға сенім арта алады? Процедураның негізгі көрсеткіші-терапевтік түзету мүмкін емес бедеулік. Сонымен қатар, ерлі-зайыптылар да, ресми некеде тұрмайтын ерлі-зайыптылар да ЭКҰ-ға өтініш бере алады, бірақ бұл жағдайда өзара ерікті жазбаша келісім қажет.

ЭКҰ рәсімінен Қазақстан азаматтары өте алады және Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медициналық параметрлерге сәйкес келуі қажет: - репродуктивті жас (18-ден 42 жасқа дейін); - қалыпты соматикалық күй; - қалыпты эндокриндік күй; - қанағаттанарлық овариалдық резерв. Қандай жағдайда ЭКҰ-дан бас тартуы мүмкін? Науқасқа экстракорпоралдық ұрықтандырудан бас тарту бірнеше жағдайда болуы мүмкін: - жүктіліктің басталуы нәтижелілігінің төмендеу факторлары болған кезде (имплантацияға және жүктіліктің дамуына кедергі келтіретін ішкі жыныс мүшелерінің даму аномалиясы, гидро( сақтосальпингстер), жатыр қуысының синехиясы, эндометриоз, аналық бездердің кисталары, обтурациялық емес азооспермия); жатырдың туа біткен немесе жүре пайда болған ауытқулары кезінде; - соматикалық және психикалық бұзылулар кезінде; - аналық без ісіктерінде; - жедел қабыну ауруларында; - кез келген локализация онкологиясы кезінде. ЭКҰ-дан өту үшін пациенттің бағыты ЭКҰ-ға жолдама алу үшін бекітілген жері бойынша емханаға жүгіну қажет.

Пациентті тіркеу орны бойынша денсаулық сақтау ұйымдары бедеуліктен зардап шегетін адамдарды диспансерлік науқастардың (бұдан әрі – ДНЭТ) электрондық тіркеліміне енгізеді. 12 ай ішінде бедеуліктің себептерін зерттеп-қарағаннан және анықтағаннан кейін бейінді маманның қорытындысы негізінде пациенттің тіркелген жеріндегі денсаулық сақтау ұйымдары МӘМС жүйесінде қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар (ҚРТ) жүргізу туралы мәселені шешу үшін пациенттің құжаттарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі комиссиясына (ЖТМҚ комиссиясы) жібереді.

МӘМС жүйесінде орындалған ҚРТ емшаралары туралы деректерді ҚРТ бедеулікті емдеуде қолдануға көмек көрсететін медициналық ұйымдар медициналық ақпараттық жүйеге енгізеді. ҚРТ пайдалана отырып, медициналық көмек алу үшін медициналық ұйымды таңдауды пациент жүзеге асырады. Оң шешім қабылданған жағдайда ЖТМҚ комиссиясы емдеуге жатқызуға жолдаманы пациенттің құжаттар пакетін қоса бере отырып, емдеуге жатқызу бюросы порталында тіркейді. Айта кету керек, жылына бір рет МӘМС бойынша ЭКҰ процедурасынан тегін өтуге болады.

МӘМС жүйесінде ЭКҰ жүргізу алдында ерлі-зайыптыларды тексеру көлемі көзделген тізбеге сәйкес жүзеге асырылады. Егер сізде медициналық көмек көрсету сапасына қатысты сұрақтарыңыз болса, сіз оларды өз емханаңыздағы Пациенттерді қолдау қызметіне қоя аласыз. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, онда өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына жүгінуге болады: ресми fms.kz сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot. Дәл осы құралдар сақтандырылу мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы біле аласыз.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92. Байланыс орталығы – 1406

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521