2294 адам ревакцинацияланған

(0 Votes)


Екі жыл дегенде елімізде эпид-ахуал тұрақталып, маска тағу режимі жеңілдетілді. Десе де арқаны кеңге салмай аурудың қайта күшейіп кетпеуі үшін қайта вакцинациялануы ұмытпау қажет. Себебі, екі компонентті салдырған адамның ағзасында коронавирусқа қарсы антиденелер қалыптасады. Екпеден кейін қалыптасқан иммунитет арада бірнеше уақыт өткен соң төмендей бастайды. Ал, ревакцинация ағзада қалыптасқан иммунитетті қайта қалпына келтіріп, инфекциядан қорғану жүйесін арттырады.


Бүгінгі таңда аудан бойынша коронавирустік инфекцияға қарсы салынатын екпеге 13404 адам жатады. Ал, соңғы мәлімет бойынша ауданда 9377 адам екпемен қамтылған. Бұл - екпе алуға жататындардың тек 70%-ы ғана.
Вакцинация алуда аудандағы ең жоғары көрсеткіші Мақат кентінде (85%) болса, ең төменгі көрсеткішті Доссор кенті (49,5%) және Бәйгетөбе ауылдық округі (68%) құрап отыр.
Ал, аудан бойынша қайта вакцинациялануы қажет 6620 адамның бүгінгі күні тек 2294 адамы немесе 34,6%-ы алған. Оның ішінде: медицина қызметкерлері - 98,7%, мемлекеттік қызметкерлер - 38,5%, полиция қызметкерлері - 54%, білім беру ұйымдары - 21,1% және бала-бақша ұжымдары - 46,4% болса, өнер және спорт мектептері мен №7 түзеу кабинетіндегі қызметкерлер - 41,8%, созылмалы аурулары бар адамдар - 19,4%, ал, еңбек ұжымдары мен аудан тұрғындары – 34,2%-ын құрайды.
Айта кетейік, қазіргі таңда ауданымызда «VeroCell», «QazVac», «Pfizer» вакциналарымен екпе жүргізілуде. «Pfizer» вакцинасы 12 жастан жоғары барлық контингентке,16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдерге және емізулі аналарға салынады. Ал, «QazVac», «VeroCell» вакциналары 18 жастан жоғары барлық контингентке жүргізіледі.
Сондай-ақ, ауданымызда 486 доза «VeroCell», 957 доза «QazVac», 48 доза «Pfizer» вакциналары бар. Өзіміздің және жақындарымыздың саулығы өз қолымызда. Сондықтан, вакцина алуды маңызды шара санап, онымен қарулануды естен шығармаған абзал.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521