Атырауда соңғы тәулікте 61 адам вирус жұқтырды

(0 Votes)

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде 61 адамнан COVID-19 анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында - 44, Жылыой ауданында - 12, Құрманғазы ауданы - 3, Индер және Қызылқоға аудандарында 1 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 52 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 9 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан емделгендер жоқ.

Қазір 490 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 36, аудандық инфекциялық стационарларда - 9 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT