Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде 64 адамнан COVID-19 анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында - 53, Жылыой ауданында - 7, Махамбет ауданы - 2, Құрманғазы және Қызылқоға аудандарында 1 адам. Коронавирустық инфекциясы бар 53 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 11 адамда ауру белгілері жоқ. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 8 адам емделді. Қазір 541 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 56, аудандық инфекциялық стационарларда - 14 науқас ем алуда. Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.