Атырауда 82 адам инфекция жұқтырған

(0 Votes)

Атырау облысында өткен тәулікте 82 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 16 адам тіркелген. Бұл көрсеткіш Теңіз кенішінде 58 адамға жеткен. Құрманғазы, Жылыой ауданында 3 адамнан анықталса, Индер  және Қызылқоға ауданында 1 адамнан Сovid-19 анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған 12 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 92 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 149 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 101 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда  39, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 821 адам ем қабылдауда.

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT