Ақпан айынан бастап екпе салынады

(0 Votes)

Екпе алдыңғы кезекте медицина мамандарына салынады деп хабарлайды Atr.kz

«Денсаулық сақтау министрлігі бекітетін алгоритмге сәйкес, тұрғындарға ерікті түрде екпе салу вакцинаға жауапты медицина мамандары кәсіби оқудан өткеннен кейін ақпан айында басталатын болады», – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Облыс тұрғындарына  вакцина жасау үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 22 ұйымда орындар дайындалған. Оның 15-і мемлекеттік ұйым, қалғандары – жекеменшік медициналық ұйымдар.

Емханалар вакцина салуды тұрғындардың  санына қарай ерікті түрде бастайды. Алгоритмге сәйкес, екпені бірінші кезекте коронавирус инфекциясымен сырқаттанған науқастарға көмек көрсететін медицина мамандарына салу жоспарлануда.

 Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT