Атырау облысында 70 адамнан коронавирус анықталды

(0 Votes)

Атырау облысында өткен тәулікте 70 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 6-уы  Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 61 жұмысшыдан,  Жылыой-1, Құрманғазы  ауданында 2  адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 15-інде ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 71  адам  емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 397 адам үй жағдайында емделуде.

Облыстық инфекциялық стационарда  82  науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 30  адам  емделуде. Ал, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 809 жұмысшы оқшауланып, ем қабылдауда.


Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «қызыл аймақта»  қалып отыр.

atr.kz

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT