«Жас ұланның» тәрбиеленушісімен кездесу

(0 Votes)

Х.Санбаев атындағы орта мектепте аудандық қорғаныс істер бөлімінің ұйымдастыруымен С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушісі Талғат Сансызбаевпен кездесу өтті.

Кездесуге аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығы Е.Амиров, ардагер Н.Абайұлы, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Е.Құлтаев пен Мақат кентіндегі жоғары сынып мектеп оқушылары қатысты.

Кездесудің мақсаты – өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, отанға деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру.

Т.Сансызбаев былтырғы жылы Х.Санбаев атындағы орта мектепте 9 сыныпты аяқтап, «Жас ұлан» мектебіне оқуға қабылданған. Қазіргі таңда аталған мектептің тәрбиеленушісі. Ол өзі білім алып жатқан мектебі туралы кеңінен әңгімелеп, ондағы тәрбиенің қыр-сырларымен бөлісті. Жасұлан мектебіне түсу үшін ұлдар 9 сынып бітірген, орта білім туралы куәлік алған болуы тиіс. Сондай-ақ, үміткерлер дене даярлығы, психологиялық іріктеу талаптарына сай, денсаулығы жарамды болуы тиіс.

Оқушылар кездесуден әдемі әсер алып, көкейлеріндегі сауалдарына тұщымды жауаптар алды.

Бұл кездесу Доссор кентіндегі Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінде жалғасып, жас патриоттар үшін есте қаларлық күн болды.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521