Көп тілді білу – табыс кілті

(0 Votes)

Елбасы «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек» деген.

Демек, ағылшын тілін білмей, заман талабына лайықты, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға толық қол жеткізе алмаймыз. Аталмыш мәселе Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді. «Үш тілде білім беру» саясаты қазіргі таңда балабақшадан бастап, мектеп, арнаулы орта, жоғары оқу орындарында жүзеге асырылып жатыр. Балабақша, мектептен бастап, ағылшын тілін меңгеріп жатқан жеткіншектерге бұл үдеріс аса қиындық тудырмайтыны да анық.  Десе де , ұстамы да, ұстазы да мықтылары алға озып, тіл білуге шабандары артта қалып жататыны сөзсіз.

Өткен аптада Мақат кентіндегі Мұса Баймұқанов атындағы орта мектебінде Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университеттің шетел филологиясы факультетінің студенті Айназ Берікқызымен кездесу өтті.

Кездесуді өткізген сынып жетекшісі Амангүл Құмарқызы мектеп бітіруші түлектердің орта білім алған соң бағыт-бағдарын анықтап, мамандық алудағы талпыныстарын қолдау және 2019 жылдың жастар жылы деп аталуы мүмкіндігін пайдалануға шақырды.

Өнер мен оқуды –жастардың қару-жарағы деп ұғындырған кездесуді мектеп оқушысы Жасмин Бағытжанова екі тілде: қазақ және орыс тілінде жүргізсе, кеш қонағы Айназ үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) еркін көсілді.

Айназ - М.Баймұқанов мектебінің түлегі. Тиянақты оқу, талапты талпыныс, ата-ана қолдауы оның көп тілді білуге ұмтылған арманын ақиқатқа айналдырды. Бүгінде өзі оқып жүрген оқу орнының мақтанышына айналған талапты студент өткен жылы Мәскеу қаласында өткен халықаралық ғылыми жобаны ағылшын тілінде қорғап, жүлделі оралды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында : «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы – білім. Білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт» деп атап көрсеткен еді.

Олай болса, зерделі жасқа тамызық болар кештің мектеп түлектеріне берері мол деп сенеміз.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521