Жаңа оқу жылының барысы талқыланды

(0 Votes)

Ауданның жеті жалпы білім беретін орта мектептерінде "Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?" атты бірыңғай жалпыреспубликалық сынып сағаты өтті. Сынып сағаты коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқу ерекшеліктері туралы оқушыларды ақпараттандыруды мақсат етті.

Әр мектептің сынып жетекшілері Zoom платформасы мен WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы оқушыларға жаңа оқу жылының оқу форматтарын, қашықтықтан оқыту процесін жүргізетін интернет - платформаларды, санитарлық қауіпсіздік шараларын және ғаламторда жұмыс істеу ережелерімен таныстырды. Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі де талқыланды. Бастауыш сынып оқушыларына арналған жадынамалар таныстырылып, олар "Дені саудың - жаны сау", "Менің қашықтан оқыту кезіндегі оқу және демалыс режимім", "Инфекцияны қалай жұқтырмауға болады?" атты тақырыпта берілген бейнероликтерге кері байланысқа шығып, сынып сағатында белсенділік танытты.

118276244_953256905146469_6699456466752823688_n

Сондай-ақ, аудан мектептері арасында онлайн форматта «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру» атты бірыңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті. Сынып жетекшілер ата-аналарға ZOOM платформасын қолдана отырып, карантин жағдайында жаңа оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы түсіндірді. Қашықтықтан оқыту жағдайындағы білім алу туралы мәселелер ата-аналармен қызу талқыға түсті. Онлайн жиналыс барысында баланың жұмыс орны және оқу режимі мен демалысы, баланы өздігінен оқуға ынталандыру, ғаламторды қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналардың балаларға үйрететін ережелері және ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ, кезекші сыныптардың жұмысы туралы туындаған сұрақтарға жауап берілді.

Сонымен қатар, «2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбындағы жалпы республикалық педагогикалық кеңес болып өтті. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа оқу жылындағы оқыту ерекшеліктерін және жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуымен педагогтерді хабардар ету мақсатында өткен жиын әр мектепте ұйымдастырылды.

Педагогикалық кеңестің күн тәртібіндегі 2020-2021 оқу жылындағы оқу процесінің ерекшеліктері туралы, білім беруді ұйымдастыру мәселелері, «ҚО ережелері» туралы таныстырылды. Педагогикалық кеңес одан әрі педагогтарға қашықтықтан оқытылатын сабақтарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған әдістемелік ұсынымдармен жалғасты.

118359410_326449338475033_1943185873386604974_o

Сондай-ақ, оқу процесін қашықтан ұйымдастыру үшін интернет-платформаларды таңдау жөнінде түсінік жұмысы жүргізілді. «Kundelik», «Bilimland», «OnlineMektep» интернет-платформаларының  мүмкіндіктері көрсетілді. Оқушылардың  жас ерекшеліктері бойынша жалпы орта білім берудің типтік оқу бағдарламаларына сәйкес қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмінің жобасы ұсынылды.

«Кезекші сыныпта» оқытуды ұйымдастыру жұмыстарының ережесі мен қағидалары таныстырылып, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда енгізілген өзгерістер туралы мағлұматтар берілді. Кеңесте мұғалім, оқушы және ата-ана алдындағы зор жауапкершіліктер мен міндеттер туралы мәселе қозғалып, педагогтардың алдына жаңа 2020-2021 оқу жылына жүктелетін міндеттер қойылды.

М.СЕРІКҚЫЗЫ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521