Жаңа оқу жылын 480 оқушымен бастады

(0 Votes)

1 қыркүйек – Білім күні мерекесі А.Құнанбаев атындағы орта мектебінде өзіндік сән-салтанатымен аталып өтілді. Күллі әлемде сатылмайтын, сарқылмайтын байлық – білімге қадам басқан оқушылар мен мектеп ұжымы салтанатты жиынға жиналды.  Іс-шарада алдымен мемлекеттік ту ортаға шығарылып, әнұранымыз шырқалды.

\Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев барша мұғалімдерді, оқушыларды және ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Мектеп жаңа оқу жылын 480 оқушымен бастады. Былтырғы жылы бұл оқу ошағын 9 түлек тамамдаса, биыл қара шаңырақтың табалдырығына 54 бала қадам басты.  Оның ішінде үш түлек мемлекеттік грантқа ие болған. Мектепте биыл 2 шағын орталық тобы және 2 мектеп алды даярлық сыныбы ашылған. Жаңа оқу жылында 4, 9, 10 сынып оқушылары жаңартылған білім беру мазмұнына оқитын болады.

520bb188-fe0f-4db9-81d6-c344a51643fd

3fd2c9b4-5bf5-4fc3-84f5-b3eea5a09731

Мектепте А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай қоғамдық-гуманитарлық тереңдетілген сынып ашылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, оқушылардың әскери-патриоттық сезімін нығайту мақсатында 7 сынып оқушылары арасында «Сарбаз сыныбы» жұмысын бастайды. Аталмыш сыныпта саптық жүріс, музыка, спорттық және математикалық үйірмелер және робототехникалық сабақтар жүргізілетін болады.  Білім ұясында жазғы демалыстағы ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде жаңа жылыту қазаны, су айдағыш насостар, су жылытқыш аристондар, радиотораптар, турникет қондырылған.  Білім ұясы жаңа оқу жылында бір жас маман математика пәні мұғалімімен толықты. Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің маманына enbek.kz порталы арқылы бір бос орын жариялаған. Мектепте әлі де орыс тілі пәніне мұғалімдер жетіспейді.                                 

Мерекелік жиын барысында өткен оқу жылында мектептің қол жеткізген жетістіктеріне мектеп басшысы Руслан Сарбалин жеке-жеке тоқталып өтіп, мерекелік тілегін жеткізді. Білім күнінде 11-сынып оқушысы Аралбаева Аида және 1-сыныпқа қабылданған Ерланұлы Нұрислам алғашқы қоңырауды соқты. Алғашқы қоңыраудың үні естілгеннен кейін, оқушылар білім күніне арналған «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты азаматтық және патриоттық сабағына қатысу үшін сыныптарына бет алды.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521