Мақаттықтар «Kundelik» жобасын тиімді пайдаланады

(0 Votes)

Бүгін  білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз мәслихаты өтті. Аудандық мәдениет үйінде өткен айтулы мерекеге аудан әкімі Ж.Қарағаев, мекеме басшылары, аудандық мәслихаттың депутаттары, ардагер ұстаздар және мұғалімдер қатысты.

Салтанатты жиналыстың күн тәртібі  бойынша аудандық білім беру бөлімінің басшысы Алмабек Абдолов «2018-2019 оқу жылының қорытындылары мен 2019-2020 оқу жылының міндеттері» туралы баяндама жасады.

abdoloba

Аталмыш баяндамада өткен оқу жылының басты жаңалықтары, білім сапасының көрсеткіші болған ҰБТ нәтижелері, білім бөліміне бөлінген қаражаттар есебі, семинарлар мен конференциялар, додалар мен жүлдегерлер жайында айтылды. Ұстаздардың біліктілігін арттыру мәселесі жыл сайын шешіліп, жоғары санаттылығын қорғау, басқа аудандармен оқу-іс тәжірибе алмасу мақсатындағы әдістемелік құралдардың жарық көргені сөз болды. 

qaragaeb

Баяндама барысында: «Қазіргі уақытта барлық мектептер «Күнделік» жобасын тиімді пайдаланып отыр. Көрсеткіші 95 пайыз болып, бар ауданнан алда келеміз» деді бөлім басшысы.

Е.МЫРЗА,

Суретті түсірген М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT