Ұрқия ҰБТ-дан 122 балл жинады

(0 Votes)

Бүгінде елімізде түлектер жоғары оқу орнына грант негізінде оқуға түсу үшін 18 мамыр - 5 шілде аралығында екінші мүмкіндік бойынша ҰБТ тапсыруда. 

Ал ауданда мектеп бітіруші 268 оқушының 80 пайызы ҰБТ-ге қатысуға ниет білдірген. Оның ішінде жүзден жоғары нәтижені әзірге төр оқушы ғана жинап отыр. Солардың бірі – Х.Санбаев атындағы орта мектептің түлегі, «Алтын белгі» иегері Ұрқия Жанболатқызы. Ол Ұлттық бірыңғай тестілеуден 122 балл жинап, қатарының алды болып қана қоймай, аудандағы үздік нәтижені көрсетіп отыр. Сондай-ақ, аталмыш мектептің түлектері Дат Оразов 108 және Ақерке Болатқызы 105 балл жинаса, Б.Қанатбаев атындағы орта мектеп оқушысы Әнел Смадияр 100 балға ие болған.

«Барлығының да нәтижелері жаман емес. Бастысы, әрбір оқушының өмірге деген құлшынысы, ынта-жігері басым. Сондықтан да олардың барлығының өмірде үлкен жетістіктеріне жетеріне сенім білдіреміз», – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Айбол Долдашев.

Айта кетейік, 13 шілдеден бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде грантқа құжат қабылдау басталады. Тамыз айында ақылы ҰБТ өткізілуіне байланысты базаға тіркелу 20-30 шілде аралығында өтпек.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT