Ауданның үздік түлектері алғысқа бөленді

(0 Votes)

«Ел болашағы – білімді ұрпақ» атты тақырыпта аудандық жастар ресурстық орталығында «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлеріне арналған салтанатты іс-шара болып өтті. 

Шара барысында алдымен сөз алған білім бөлімінің басшысы Айбол Долдашев мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі.

«Құрметті мектеп бітіруші, ауданымыздың абыройын асқақтатқан түлектер! Бүгінгі алып жатқан марапаттарыңыз 11 жыл бойы алған еңбектеріңіздің жемісі. Сондай-ақ, ата-аналарыңыз бен білікті ұстаздарыңыздың ортақ жеңісі. Сіздердің әр қайсыңыз еліміздің болашағын көркейтуге үлес қосады деп сенемін. Ел тізгінін берік ұстап, еліміздің лайықты азаматы болуларыңызға тілектеспін. Ақ жол!», - деді өз сөзінде.

Сондай-ақ, ол биылғы оқу жылында топ жарған «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері және ортада өз білімдері, тәрбиесімен, қоғамдық жұмыстарда белсенді араласқан түлектерге сәтті қадам тілеп, арнайы алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.

Өз кезегінде Х.Санбаев атындағы орта мектептің директоры Жасұлан Тәжібаев та жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған оқушыларға құттықтау тілегін бірдірді.

Сонымен қатар, шара барысында М.Баймұханов атындағы орта мектептің «Алтын белгі» иегері Назеркем Бағыткерей ұстаздар қауымына өз алғысын білдіріп, үлкен өмір жолына қадам басқан қатарластарына ақ жол тіледі.

Салтанатты шара барысында аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасы ұсынылып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, биыл аудан бойынша 268 түлек мектеп бітіріп отыр. Олардың 13-і «Алтын белгі», 11-і «Үздік аттестат» иегерлері.

Ә.ҚАСЫМ,

Суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT