Оқушыға карантин шектеуі кедергі емес

(0 Votes)

Ұстаздар күніне орай мектептегі бүгінгі тіршілікті көзбен көрмекке білім ұяларына арнайы бас сұққан едік.

Біз арнайы ат басын бұрған ұзақ жылдық тарихы бар, кенттегі іргелі білім ордасының бірі – Мұса Баймұханов атындағы орта мектеп. Мектеп ауласына енген сәттен бастап-ақ темірдей тәртіптің сақталғанын аңғардық. Сызылған арнайы жолақ бойымен біз де ішке кірдік. Залалсыздандыратын туннельден өтіп, қолымызды антисептикпен тазаладық. Медбике дене қызуымызды өлшеп, аты-жөнімізді дәптерге түртіп алып, рұхсатнама қағазын берді. Бұрын емен-жарқын кіріп кете беретін мектептің қазіргі жағдайы осындай. Біз түгілі, кішкене бөбектер де сөмкелерін асына, бетпердесін тағынып, залалсыздандырғыш тумбаның астына тұра қалады. Елді жайлаған індеттің алдын алудың жалғыз жолы сақтану екенін олар да жақсы түсінгендей.

7d615245-d339-4eb6-9380-0d91e9b65f07

Арақашықтықты сақтап, сап түзеп кезегін күткен оқушылардың медбике қызу өлшегіш құрал арқылы температурасын өлшеді. Оқушылардың дене қызуын күнделікті жазып отыру мектеп медбикесінің күнделікті негізгі жұмысына айналған. Кейін карантин талабын түсінген оқушылар қолдарын антисептик арқылы залалсыздандырып, жүруге рұқсат етілген сызық бойымен сыныбына беттеуде.

edf60496-218b-463e-bd1a-bd23ead1c624

Мектеп ішінде директордың тәрбие ісі мен бастауыш сынып жөніндегі орынбасарлары, кезекші мұғалім оқушылардың өз сыныбына дейін жетуін қадағалауда.

c6c02996-39b4-4e71-9cda-7cd4158bbc02

Еліміздің барлық мектебінде тек бастауыш сынып оқушыларының оқып жатқаны белгілі. Мұнда да солай. Ата-аналарының өтінішімен 1-4 сынып аралығындағы 127 оқушы білім алуда.

Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыз!

М.Ізтұрғанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521