Мерейлі жасқа жеткен ардагер ұстаздар ардақталды

(0 Votes)

Кеше ғана төл мерекелерінде жылы лебіздер толы ыстық ықыласқа бөленген ұстаздар қауымына деген құрмет толастар емес.

Саналы ғұмырын алтын ұя - мектеп қабырғасында өткізген ұлағатты жандарымызға, ардагер мұғалімдерге тосыннан қуаныш сыйлау әлі жалғасып жатыр.

zila

Үстіміздегі жылы мерейлі жасқа жетіп жатқан алдыңғы буындағы ардагерлерді аудандық мұғалімдер кәсіподағының төрағасы Е.Құлтаев пен М.Баймұханов атындағы орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Сатимова арнайы құттықтады. Кешегі қарттар күні мен ұстаздар күніне ұштасқан осы бір мерейлі сәтке қарт ұстаздарымыз қатты қуанды.
Алдымен, 75 жасқа шығып жатқан Зәру Әмірқызының шаңырағына табан тіреген кәсіподақтағылар апайға арнайы құттықтау хат табыстап, тәтті торт пен сый қадесін де ұмытпады. "М.Баймұханов мектебінде елу жылға жуық жұмыс жасадым. Еңбегімді елеп, құттықтап келіп жатқандарыңызға рахмет. Еңбектеріңіз жемісті болсын, тек сәттілік тілеймін",-деп тілегін білдірді бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ұстаз.

agai-apai

Аудандық білім беру бөліміне шын жүректен алғысын білдірген жанның бірі - Болдық Есенқызы. Болған апай деп танылған қадірлі ұстаз аталмыш бөлімде талай жыл тер төккен қадірлі жан. "Елімізге енгізілген жағдайға байланысты қарияларымыздың басын бір арнаға тоғыстырып құттықтай алмай жатырмыз, аман-есен отыра беріңіз",-деп тілегін білдірді Ерболат Серікқалиұлы. Апайымыз зейнетке шықса да, қарап отырмағаны көрініп-ақ тұр. Келген меймандарын құр қол жібермей, күтіп баптап отырған жүзімінен жұлып берді.

bolgan-apai

Келесі аялдаған қариямыз Ындыбаев Алпысбай ағай да карантиннен құтылсақ, торқалы той жасайтын жөні бар екен. Қарт ұстазға құрмет білдіре келген қонақтар  қарияның деніне саулық, шаңырағына ырыс тілей келгенін жасырмады.  70 жасқа толып жатқан Алпысбай Төлеуұлы да еленгеніне балаша мәз болды. "Мұғалімдік беделдеріңіз арта берсін. Қашан да алдыңғы қатардан көрініңіздер" деп тілегін жалғады байырғы әріптестеріне.


А.САДЫКОВ
Суреттер автордан
 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521