Мақаттық дарындарға карантин де кедергі емес

(0 Votes)

“Қалауын тапса қар жанады” демейді ме. Қашықтан оқыту қалай болар екен деп жүргенде ауданымыздағы қос бірдей ұжым Мақат балалар өнер мектебі мен Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебі білек сыбанып балғындарды баба өнеріне баулуды бір сәтке кідіртпеді.

Ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыс бұл жолы бейне байланыс арқылы орнатылғанын олардың әлеуметтік желілерінен байқауға болады.

Әлеуметтік желідегі әдемі көрініске көпшілік сүйсініп қана қоймай, балаларына сәтті қадам тілеп жатырғандар да табылады. Өнер мектебіндегі дәріс сабақтары бұған дейін біраз балаға жұмбақ әрі қызықты болып келсе, бұндай жария дәрістен кейін көптеген баланың қызығушылығы артып, шәкірт саны көбеймесе,азаймайтыны анық.

А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521