Кұлсарыда STEMglish: ағылшын тілі – ғылым мен технологиялар арқылы

(0 Votes)

23-25 маусым аралығында Құлсары қаласында STEMglish атты шеберлік сабақтары өтті. Бұл сабақтарда қатысушылар ағылшын тілін STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) бағытында үйренді.

Жылыой ауданынан 30-дан астам оқушы мен мұғалім интерактивті сабақтарға қатысып, тілді үйренумен қатар ғылыми жобалар мен тапсырмаларды орындау арқылы сыни ойлау, шығармашылық және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытты.

Шеберлік сабақтары JasUp білім беру жобасы аясында TШO (Теңізшевройл) компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты – өңір жастарының заманауи дағдыларын дамыту және білім алу мүмкіндіктерін кеңейту.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT