Жуырда Ұлыбританияның Кембридж қаласында өткен 8th World Conference on Teaching and Education халықаралық конференциясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Алтынай Муналқызы мектебімізді лайықты түрде таныстырып, "Nurturing soft skills through high school debate club" (Жоғары сынып оқушыларының дебат клубы арқылы жұмсақ дағдыларын дамыту) тақырыбындағы іс-әрекеттегі зерттеуін ұсынды.
Өзінің Action Research жобасында ол дебаттарға қатысу оқушылардың сыни ойлау, өзіндік сенімділік, дәлелмен сөйлеу және топта тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалай дамытатынын көрсетті.
Алтынай Муналқызын осы кәсіби жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, жаңа ғылыми табыстар мен толағай жетістіктер тілейміз!