«Денсаулық» фестивалі мектепте өтті

(0 Votes)

Өткен сенбіде Мақат кентіндегі Х.Санбаев атындағы орта мектебінде «Денсаулық фестивалі – 2018» шарасы өтті. Өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайту оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен шара салтанатты түрде еліміздің Гимнімен ашылды.

Оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты түрлі спорт түрі таңдалып алынды. Мектепалды даярлық сыныптары да бұл шарадан тыс қалмады. Олар самокатқа мініп, жарыс жолына шықты. Сондай-ақ, 1-4 сыныптар тоғызқұмалақ, дойбы, домино, секіртпемен секіруден алдарына жан салмады. Ал, 5- сыныптар арасында «Көңілді старт» эстафеталық ойыны болды. Мектептің ортаңғы және жоғары сынып оқушылары (6-11 сыныптар) 100 метр, 1000 метрге жүгіруден, орнында тұрып секіруден сайысты. Футбол да фесивальдегі ерекше қызықты өткен спорт түрінің бірі болды. Бұл фестивальге мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен сынып жетекшілері белсене қатысты. Жарыс соңында жеңіске жеткен сыныптар алғыс хатпен марапатталды.

Ж.КАЛДЫГАРИНА, Ж.ГАЛИЕВА, мектеп басшысының тәрбие ісі жөнінен орынбасарлары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521