Тілге құрмет

(0 Votes)

Мақат кентінде орналасқан аудандық балалар кітапханасында “Өзге тілдің бәрін біл - өз тіліңді құрметте” тақырыбында мәнерлеп оқудан оқушылар арасында сайыс өтті.

Оқырмандарды мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстауға шақыруды мақсат еткен сайыста үміткерлер өлеңді мәнерлеп оқып ғана қоймай, танымдық қабілеттері де байқалды. Ана тіліне деген махаббатын ақындардың өлеңімен өре білген қатысушылар жұмбақтың жауабын үш тілде айтып, көп тіл білу –бүгінгі күннің талабы екендігін ұғындырды. Сайысты қортындылған Бәтима Әмірова сайысқа қатысушы оқушыларға және тыңдарман қауымға алғысын білдірді. «Тіл білгірі» атағына М.Баймұханов мектебінің оқушысы Ақерке Жақсыберген лайық деп танылды. Тиісінше орын алған оқушылар : А. Айталы, М.Айтқали, Н. Серікқызы, Д.Қуангереева, Г.Қабыл, Б.Көздібай, С.Бекболат, Ә.Бағытжан, А.Жангазина Ж.Айтқали, Ф.Серік, Ұ.Латипова кітапхана басшылығы атынан марапатталды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521