Атырау қаласында VII Халықаралық «Дарындар әлемі» өнер байқауы өткен болатын. Дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетуді мақсат еткен сайысқа қатысушылардың қарасы қалын болды.
Талантымен дараланған аудандық мәдениет үйі жанындағы драма және ән үйірмесінің оқушылары аталмыш сайысқа қатысып, жүлделі орындардан көрінді.
Атап айтсақ, көркемсөз жанры бойынша А.Ернұрқызы бас жүлдеге лайық өнер көрсетсе, А.Ғайса І орынға ие болды. Ал, ән жанры бойынша А.Болатқызы ІІ орын және К.Төлеген ІІІ орыннан көрінді.
Қашанда ерекше өнерімен көзге түсіп жүрген үйірме оқушыларының алар асулары әлі алда екені сөзсіз.
Өз тілшіміз