Биыл 25 мамыр жексенбіге түсіп тұрғандықтан соңғы қоңырау 23 немесе 24 мамырда өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады,- деп мәлімдейді Өңірлік коммуникация қызметі.
Атырау облысында осы жылы 150 мыңнан астам шәкірт оқу жылын аяқтайды. Оның ішінде 7500-ге жуық түлек 11-сыныппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқалы отыр. 222 оқушы «Алтын белгіге» үміткер болса, тағы 353-і үздік аттестат алуға дайындалуда.