Қашықтықтан оқыту жүйесі екінші тоқсанда да жалғасын табады

(0 Votes)

Мектептерде оқу процесі бірінші тоқсандағы режимде жалғасады. Бұл туралы ​ Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық Білім беру басқармасының ​ ​ басшысы ​ ​ ​ Сатқан​ ​ Есенғалиев​ ​ ​ ​ айтты, деп хабарлайды облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Спикер​ коронавирус инфекциясының әлемде және еліміздегі жағдай тұрақты емес екендігін атап өтті.

«Біз ​ үшін ​ балалардың өмірі қашанда қымбат. Балалардың​ қауіпсіздігін сақтау мақсатында Бас санитарлық дәрігердің қаулысын негізге ала отырып, қашықтықтан оқыту жүйесін жалғастырып отырмыз», деді Сатқан Есенғалиев.

«2020-2021 оқу жылында 134​ 838 оқушысы бар 196 мектеп жұмыс жасайды. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде оқу жылының 1-тоқсанында оқу процесі 3 бағыт бойынша ұйымдастырылды. Шалғайда орналасқан шағын жинақталған штаттық режимдегі 21 мектепте 1296​ оқушы қамтылған. 175​ мектепте 108​ 713​ оқушыларға оқу үрдісі қашықтан оқыту технологиясы бойынша ұйымдастырылды. Ал, 164​ мектепте 1-4 сыныптың 25​ 023 оқушысын қамтитын 1887 кезекші сыныптар ұйымдастырылған», деді Сатқан Ыбырайұлы.

Айта кетелік, бүгінгі таңда облыста 21 шағын жинақты мектептерде оқушылар штаттық режимде білім алуда.

Сурет: ашық дерекөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521