"Бастау" жобасынан көмек алғандар өз кәсібін бастады

(0 Votes)

Білім беру нысанында балаларды беделді оқу орындарына түсуге дайындайды. Бұл туралы Атырау облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Анар Мұханова мамандығы бойынша – мұғалім математик. Бес жыл бойы Назарбаев зияткерлік мектебінде жұмыс істеген. Ары қарай отбасылық жағдайларға байланысты балаларды репититор ретінде үйде оқытуға мәжбүр болды. Алайда білім беруге деген үлкен сұраныс болғандықтан жекелеген оқу орталығын ашу қажеттілігі туды.

«Атырауда сапалы білімге үлкен сұраныс бар. Ата-аналар балаларға көбірек білім беруге, және мектеп қабырғасынан бастап оларды беделді оқу орындарға түсуге дайындауға тырысады. Сондықтан жеке оқу орталықты ашам деп шештім. Бизнес-идеямды нақтылап алдым, ары қарай кәсіпкерлік негіздері бойынша білім қажет болды. Осы мәселеде маған «Бастау» жобасы көмектесті, оқуға қатысу арқылы бизнес бойынша пайдалы ақпарат алдым», – деді Анар Мұханова.

Қазіргі таңда «YS Education» оқу орталығында 60-қа жуық бала оқиды. Негізгі басымдық жаратылыстану ғылымдарына берілген. Орталықта 5 білікті мұғалім жұмыс істейді. Жас кәсіпкердің жоспарында – грантқа өтінім беріп, бизнесті кеңейту.

Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресовтың айтуынша, алғашқы жылы «Бастау» жобасының түлектері ауыл шаруашылығына көбірек көңіл бөлсе, қазіргі таңда қызмет көрсету саласында сұраныс көп.

Айта кетейік, биыл Атырауда жобамен 1900 адамды қамту көзделген, соның ішінде 1 100 адам оқуға қатысып үлгерді. «Бастау» жобасының 272 түлегі 709 млн теңге сомасында қаржыландыру алды. Соның ішінде «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 61 млн теңге көлемінде 141 грант берілген. Қазіргі таңда оқудың 5 легі өтіп жатыр, ал осы жылдың соңғы алтыншы легі қараша айына жоспарланған.

Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы

Сурет: Atameken.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT