Ұлтаралық қатынас тіліне айналуы қажет

(0 Votes)

Еліміздің Президенті Жолдауында біраз келелі мәселелердің басын ашып, нақты тапсырмалар берген болатын. Жолдауда қоғамдағы түйткіл мәселелер қозғалып, халық  тарапынан қолдау тапты.

Қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру керек деген пікірі ойға қонымды.  «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді деп есептеймін. Бірақ, мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін ұмытпағанымыз жөн» деп баса айтты.  Бұл пікірге сүйенсек, қазақ тілі болашақта әрі мемлекеттік, әрі ұлтаралық тіл болмақ. Алайда, бұл біртіндеп, жүзеге асырылатын үдеріс болуы қажет. Өзге ұлттар мен өз тілін өгейсіп жүрген қандастарымызды қамқорлықпен бауырымызға тартып, оларға қазақ тілінің сұлулығын, әлеуеті мен қолданыс қажеттілігін шебер ұйымдастыра түсіндіруіміз қажет. Қазақта «Өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңілер» деген аталы сөз бар, Ендеше, алдымен «қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі» (Н. Назарбаев) бүгінгі күн талабы болғаны жөн.  Тілді қоғамның барлық сатысында қолдануға күш салған дұрыс. Қазақ тілін қолдануды қажеттілік ретінде санауымыз қажет. Ал оның бәрі белгілі бір заңмен бекітілгені абзал және ол заңның салтанат құруын мемлекет қатаң қадағалауы тиіс.

Айгүл Кайрова

Л.Шахатов атындағы орта мектебінің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521