«Өзіңді де, өзгені де аяла»

(0 Votes)

А.Құнанбаев атындағы орта мектебінде «Өзіңді де, өзгені де аяла» атты  ерекше білімді қажет ететін оқушылар арасында апталық өткізілді. Аталмыш апталықта түрлі шаралар ұйымдастырылып, қызықты шаралар балалардың көңілін көтерді.

 «Көңілді старт» спорттық сайысында «Барыс» пен «Қыран» түрлі сергіту сәттерінде бақ сынады.

logoped-2

«Біз біргеміз» атты тренингте  оқушылар түрлі тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, бір-біріне деген достық қатынастарын арттыра түсті. Сондай-ақ,  оқушылар ұстаздарымен бірге  аудандық өлкетану  мұражайына  саяхат жасады. Саяхат барысында  оқушылар мұражайдағы құнды деректермен танысып, жергілікті тау тұлғалардың өмір деректерімен және өлкеміздің тарихымен танысты.

defektolog

Сондай-ақ, апталық барысында «Ата-ана қолдауы - бала болашағы» тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел өтті. Мектеп психологтары М.Табынаева, А.Масқарова және дефектолог Д.Жанетова, логопед Э.Жарылғаева ата-аналармен отбасы мәселелері туралы ой бөлісті.

logoped-3

Ата-аналар бірігіп жұмыс істеу жүйесін дамыта отырып, мамандардан әдістемелік көмектер алды.

logoped-1

Дөңгелек үстел соңында ата-аналар алған әсерлерімен бөлісе отырып, балаларына ақ тілектерін білдірді. Ата-аналарға ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс істеу және әр тұлғаны тәрбиелеуде қателіктерге жол бермеу мақсатындағы жадынамалар таратылады.  

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT