Ауылымды еш жерге айырбастамаймын

(0 Votes)

Жазғы каникулды ауылда жүріп те қызықты өткізуге болады.

i

Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектебі жанынан ашылған «Жас Ұлан» демалыс лагері әр күнін мазмұнды әрі қызықты етуге жұмыстануда.

Лагерьдің бір ауысымында 25 оқушы, екінші ауысымында да 25 оқушы демалады.

Әр күні балалар лагерьге көтеріңкі көңіл-күймен келеді. Мұнда «Күншуақ», «Жұлдыз» топтары бар.

Ұлттық ойындар мен туған жер тақырыбына бір күнін арнаған лагерь демалушылары Мақат кентіндегі «Туған жер» саябағында болып, ондағы аудан тарихынан берілген мәліметтерді жаттады.

Онда «Ақсерек-көксерек» ойынын ойнап, қайтарда аудандық орталық кітапханаға аялдады.

Осылайша әр күнінде қайталанбастай қызыққа қаныққан демалушылар «Жеңіс» саябағында болып, тәрбиешілер ұйымдастырған тәрбиелік шараға белсенді қатысты.

А.Мұқатова ,

№2 бастауыш мектебінің лагерь жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521