Атырауда «Дарынды балалар – еліміздің интеллектуалды ұлт болашағы» атты форум өтті

(0 Votes)

 Форум аясында облыс әкімі Серік Шәпкенов халықаралық, республикалық олимпиада мен конкурстардың жүлдегер оқушыларымен кездесіп, жетістіктерімен құттықтады.


- Қадірменді біздің дарынды болашағымыз – оқушылар! Сіздердің жеткен жетістігіңіз бен алған біліміңіз инемен құдық қазғандай. Бұл сіздерге оңай жолмен келген жоқ. Алған білімдеріңіздің арқасында осы ортада «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып отырсыздар. Жыл бойы оқып, алған білімдеріңді дәлелдеп, облыс абыройын асқақтатқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. "Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар" деген қазақта жақсы сөз бар. Бұл бәсекеге қабілетті ұлтпыз деген сөз. Әрқашан жолдарыңыз ашық болсын! Алға қойған мақсаттарыңызға жетіңіздер! Атыраудың мақтанышы болып өсе беріңіздер! - деді С.Шәпкенов.

Серік Шәпкенов 2022-2023 оқу жылында облыс мерейін асқақтатып, халықаралық ғылыми жоба жарыстарының, пәнаралық олимпиадалар жеңімпаздарына Алғыс хат табыстап, оларды ақшалай сыйлықпен марапаттады.

Шара барысында балалар облыс әкіміне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кейін дарынды оқушылардың қатысуымен «Атырау дарындары» әніне түсірілген бейнеклипінің тұсаукесері өтті.

Облыс оқушылары соңғы үш жылда пәндер олимпиадасынан республикалық командалар арасында үздік үштіктен көрініп келеді. Нақтырақ айтсақ, 2021 жылы 42 медальмен 3-орын иеленіп, 2022 жылы 55 медальмен 3-орынға ие болды. Ал биыл 35 медаль иеленіп, жаратылыстану-математика бағытында 2-орынды иеленді. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT