Астаналық балабақша өкілдері атыраулықтармен тәжірибе алмасты

(0 Votes)

 2023 жылғы 24-25 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының Атырау облысындағы күндері аясында «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері делегация құрамында Атырау қаласының мектепке дейінгі ұйымдарын аралады. 

24 мамырда «Мирас», №39 «Ақ көгершін», №6 «Гүлдер» балабақшаларында болып, топтардағы белсенді қызмет орталықтары, қазақ тілі, психолог кабинеттерін аралап, балабақшалардың жұмысымен танысты.

25 мамыр «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері №34 «Нұрбөбек», №33 «Көркем-ай», №27 «Ақбота» балабақшаларын аралап, «Робототехника» кешендері, инновациялық-экологиялық жоба бойынша ашылған жылыжайда болып, «Асық» ұйымдасқан оқу іс-әрекетін тамашалады.

№ 18 «Балдырған» балабақшасында Атырау қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің мамандары және педагогтардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Отырыста Атырау қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің әдіскері Жұмағаным Қарабалиева кездесудің өңірдегі мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне тәжірибе алмасу тұрғысындағы маңыздылығына тоқталды.

«Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл Қазақпаева жиналғандарды «Желілік балабақша моделі» тақырыбындағы презентациясымен таныстырып, балабақшаның жетістіктері мен оқытудың инновациялық әдістеріне жан-жақты тоқталып өтті.

«Қарлығаш» балабақшасының №3 объектісінің меңгерушісі Асель Садвакасова оқытудың инновациялық әдістерінің бірі «Балалар кванториумы» туралы айтып, шеберлік сыныбын өткізді. Ал №1 объект әдіскері Нұржан Набатова мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру сапасын бағалауда көмектесетін «ECERS-3» шкаласын пайдалану бойынша семинар-тренинг өткізді.

Кездесу соңында Атырау қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері шараның кәсіби тәжірибе алмасудағы қажеттілігіне тоқталып, өз ой-пікірлерін ортаға салып, сұрақтарын қойды.

Жалпы Атырау қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен өткен кездесулер аясында «Қарлығаш» балабақшасы республика бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің көшбасшысы ретінде өз тәжірибесін өңірлердің мектепке дейінгі ұйымдарына таратуға дайын екендігі аталып өтті.

Осыған дейін балабақша өкілдері өңірлердегі «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» шеңберінде делегация құрамында Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында болып қайтты. Кездесулердің басты мақсаты – өңірлердегі мектепке дейінгі ұйымдарды «Қарлығаш» балабақшасында қолданылатын инновациялық методикалармен таныстыру, озық педагогикалық тәжірибемен бөлісу.

ҚР ПІБ Медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасының баспасөз қызметі

Тел:8 777 483 91 18

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT