Жақында Алматы қаласында “Үздік жыл психологі” атты республикалық байқауы өтті. Аталмыш байқау психолог мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауды мақсат етті.
“Үздік жыл психологі” байқауының республикалық кезеңіне облыстық кезеңде үздік атанған Х.Санбаев атындағы орта мектебінің психологі Айдана Қуанышева қатысып, жүлделі III орынға ие болды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген кәсіби мамандардың ішінен үздік нәтижеге қол жеткізген Айдана ауданымыздың мерейін үстем етіп, намысын көкке көтерді.
Ж.ҚАМЗА