ОЛИМПИАДАДА ТОП ЖАРҒАНДАР

ОЛИМПИАДАДА ТОП ЖАРҒАНДАР
(0 Votes)

Өзбекстан еліндегі Самарканд қаласында ағымдағы жылдың 22-23 наурыз күндері менталды арифметика бойынша Халықаралық Азия чемпионаты олимпиадасы өткен болатын.

Аталған Азия чемпионатына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей елінен барлығы 28 команда, 400-ге жуық оқушы қатысты.

Жарыс қорытындысы негізінде Мақат ауданы бойынша “Wunderkind” интеллектуалды дамыту орталығынан қатысқан 23 оқушы жүлделі орындарға ие болып, аудан абыройын асқақтатты.

Атап айқанда Ернар Смадияр, Лұқманхакім Нуриахмет, Айшат Ғабит жүлдеді I орынға ие болса, Қарақат Тасболатқызы,Тимур Сисенбай, Диас Есенбек, Батырхан Қойбағар, Мұхаммед Жасұланұлы, Наргиз Аманжан, Нұрбол Асхат, Әділхан Жеңіс II орынға ие болды.

Сондай-ақ, үздік үштіктен көрінген Нұрсезім Тасболатқызы, Данияр Орақбай, Әсемай Бақтияр, Абылай Бақтияр, Рауан Рашид, Ислам Сембаев, Ербол Асхат, Алмаз Эдуард, Әли ⁠Ержанов, Мадияр Ержанов, Ахмедияр Әлібек, Дәурен Ақылбек III орынды еншіледі.

Сондай-ақ, дарынды оқушылардың ішінен жақсы көрсеткіш көрсеткен 5 оқушы Ресей елі Санкт Петербург қаласында өтетін Халықаралық олимпиадаға жолдама алды.

Ә.ҚАСЫМ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT