Адал еңбек абыройға бөлейді

(0 Votes)

Мемлекет басшысы сайланғаннан бері көптеген саяси бастамаларды өткеріп, үлкен сынақтардан сүрінбей өтіп келеді.

Президенттің бастамасымен біраз реформа жүзеге асты. Соның ішінде елімізде Президентті сайлау мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеу, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының пайда болуы халық үшін күтпеген маңызды реформалар болып саналады.

Сондай-ақ бүгінгі күнге дейін оларға өзгерістер мен қосымшалар енгізіліп келеді.

“Әрине, ел құру – оңай іс емес. Егер қазір ел іргетасы мықты болса, өскелең ұрпақ оның жемісін көреді. Бұл – өте күрделі әрі жауапты мәселе. Әркімнің өз жұмысын дұрыс әрі адал атқаруы – келешекке жасалған жақсылық”, – дейді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа қарата айтқан жолдауларында.

Расында, елдің ертеңі берік, іргесі мықты болуы үшін біздің қазіргі еңбекқорлығымыз негізгі құндылығымыз болуы қажет. Оны ұлт сипатын айқындайтын асыл қасиетке айналдыруға тиіспіз. Адал еңбектің басты құндылық екеніне ерекше назар аударуымыз керек.

Президентіміз әсіресе еңбек адамы туралы көп айтады. Олар – құрмет пен сыйға лайық жандар. Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамының статусын, жағдайын, кішкене еске салғаны дұрыс болды. Президентіміздің жасап жатқан бастамаларына ел болып қолдау көрсетсек, бұл келешекке жасалған үлкен инвестиция. Елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, іргетасымыз берік, шаңырағымыз биік болсын. Әлі де Қазақстан атын бүкіл әлемге биік ареналардан шығарады. Оған әлеуетіміз жетеді. Еліміздің демографиялық жағдайы жыл сайын артып келеді. Келешек ұрпақтың көзқарасы жақсы. Себебі, олар Тәуелсіздікте дүниеге келген азаматтар мен азаматшалар. Осы жағы мені қуантады.

Айнагүл ҚАҚИЕВА,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы, Мемлекеттік басқару Академиясының магистранты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT