Мемлекет тарапынан мұғалімдерге қолдау зор

(0 Votes)

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев реформада еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу басты екендігін ерекше атап өтті. 

Білім саласын дамытуда Үкіметке білім гранттарының санын көбейту, шет аймақтардан білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету және елімізде шет елдің озық университеттерінің филиалдарын ашу тәрізді тапсырмалар берді. Бұл дегеніміз, бір жағынан еліміздегі жоғары оқу орындарына зор міндет жүктесе, екінші жағынан бәсекелестікті арттырып, сол арқылы сапалы маман даярлауға жол ашады деген сенімдеміз.

Сондықта да, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білімді ұрпақ қалыптастыруда берген тапсырмасын жұмыла абыроймен атқарамыз деген сенімдеміз. Осы бағытта бүгінде Атырау облысында білім саласына қатысты бірнеше өзекті мәселелер шешіліп жатыр. Соның дәлеліндей мұғалімдер жалақысы бұрынғы жылдарға қарағанда өсті. Оқу орнындағы материалдық-техникалық база нығайды. Қағаздарымыздың бәрі электронды форматқа көшті. Енді тек шәкірттерімізге саналы, сапалы білім беру міндеті ғана тұр. Бұл жолда ұстаздар қауымы талмай, аянбай еңбек ете берері сөзсіз. Ең бастысы, Мемлекет тарапынан жастарға, білімді ұрпақтың келешегіне, педагогтер мәртебесін биіктетуде қолдау зор.

Амангелді Әбілхайыров,

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің қауымдастырылған профессоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT