«Жылы жүрек, жомарт қол»

   «Жылы жүрек, жомарт қол»
(0 Votes)

Бүгін ауданымызда облыстық «Ақ-Ниет» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Жылы жүрек, жомарт қол» атты арнайы  қайырымдылық дастарханы жайылды.

Облыстық «Ақ-Ниет» қоғамдық бірлестігі 2021 жылы құрылып, сол уақыттан бері игі істерін жүзеге асырып келеді.

Бірлестіктің Мақат ауданындағы филиалының ашылғанына 3 ай толуына орай, іс-шараға облыстық бірлестіктің басшысы Асхат Карин арнайылап келді.

Ол мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жүздесіп, әрдайым оларға қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ, шара барасында қолдау көрсеткен жеке кәсіпкерлер алғыс хатпен марапатталып, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы сыйлықтар тарту етілді.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

С.Бекарыс

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT