Ауданда ұстаздар күні аталып өтті

Ауданда ұстаздар күні аталып өтті
(0 Votes)

Бүгін Доссор мәдениет үйінде Ұстаздар күніне арналған «Қалдырған ізің мәңгілік» атты салтанатты жиын өтті.

Шара барысында ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымы ұлықталып, ерекше ілтипатқа бөленді.

Салтанатты кештің шымылдығын аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Әсел Шайзадақызы ашып, ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Сонымен қатар, бірқатар мұғалімдерге Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрінің және аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

Марапаттау рәсімін жалғастырған аудандық білім бөлімінің басшысы Жанболат Тұртайұлы ұстаздарға жылы лебізін білдіріп, кәсіби жетістіктері үшін арнайы марапаттар тапсырды.

Кеш аясында ардагер ұстаздарға естелік сыйлықтар табысталып, барша мұғалімдерге Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай “Абайдың қара сөздері” кітабы тарту етілді.

Мерекелік кеш аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

Ж.Қамза

Суреттерді түсірген: Б.Серік

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT