Жұмысшы – мерейлі мамандық

Жұмысшы – мерейлі мамандық
фото: buqara.kz
(0 Votes)

Президентіміз биылғы жылды жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Мұндай бастама жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасуды көздейді. 

Олардың мәртебесін көтеру - еңбек адамының қадірін арттыру, оның кәсіби біліктілігін шыңдау, жұмысшының қарым-қабілетін жан-жақты бағалау арқылы жүзеге асатын сан салалы үрдіс.

Осы ретте, осы бастаманың шешуші жолы кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру, біліктілікті арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктерді көбейту, жұмысшы мамандықтарын жаңарту, мән-маңызын кеңінен насихаттау, мемлекеттік, қоғамдық, жергілікті деңгейде қолдау көрсету сынды кешенді іс-шараларды жүйелі жүргізіліп, мінсіз атқарылу қажет.

Бүгінде жұмысшы мамандықтарына оқытуда кейбір салада мамандардың аздығы қатты байқалады. Меніңше, қай бағытта ақсап тұрмыз, қандай мамандық иелеріне сұраныс көп, оларды тереңдей талдап, соған баса мән берген дұрыс. Биыл осы мәселенің түйіні оңынан шешіледі деп сенемін.

Г.Мәмбетқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT