Мақат ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен 13-14 қыркүйек күндері Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша республика көлеміндегі "Жолда қабылдау" акциясы өткізілуде.
Аталған акция әдеттегідей "Жолда қабылдау" және "Аулада қабылдау" сияқты екі форматта өткізілді.
Мақат аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Мажитов Русланның айтуынша аталмыш акцияның мақсаты - қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту арқылы азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру ісінде азаматтарымыздың әр түрлі сала бойынша құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарымыздың көкейтескен сұрақтарына жауап алу болып табылады деп атап көрсетті.
Естеріңізге сала кетсек дәл қазір "Нұр Отан" партиясының ғимараты жанында өтіп жатқан акция ертең Доссор кентінде жалғасады.
А.Садыков
сурет автордікі