«Жасыл елдіктер» күзгі науқанға кірісті

(0 Votes)

Жастарды жарқын істерге жұмылдыру мектебіне айналған «Жасыл ел» жастар күшімен еліміздегі экологиялық мәселелерді шешу, елді көгалдандыру шараларын атқарып келеді.

 Еліміздің көркеюі мен гүлденуіне үлестерін қосып жүрген жігерлі де ынталы жастарымыздың еңбегін біздің аудан тұрғындары да сезінуде.

Маусым – тамыз айларында 210 сарбаз жұмыспен қамтылып, 10 гектар жер тазаланып, 3500 тал суарылған еді.

Олар түрлі мәдени-рухани, спорттық шаралардың ортасында болып, жастарды еңбексүйгіштікке, өзара жолдастық пен бірлікке шақырды.

Алда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XV маусымының күзгі жұмыс науқаны басталғалы отыр.

Бүгінде аудандық жастар ресурстық орталығы  сарбаздарды қабылдау жұмысын бастады.

18 жасқа толған жұмыссыз жастар аталмыш науқанның белсенді қатысушысы бола алады.

Несипбаева Мөлдір Әнуарқызы: «Жасыл ел» ЖЕЖ сарбазы

moldir

Әр адам өз елінің патриоты болуы керек. Осы орайда аянбай еңбек етіп, өз туған жерінің мәртебесін көтеру әр қазақстандықтың міндеті. Әсіресе, еліміздің болашағы болып саналатын жастарымыздың тікелей парызы болмақ. Қазақстан әлемдегі ең жас мемлекеттер қатарына жатады. Мұндағы халықтың басым көпшілігі бойында жалыны мен қуаты тасыған жастар екені бәрімізге мәлім. Қазіргі таңда ауданда «Жасыл  ел» ЖЕЖ үлкен сұранысқа ие. 

Серікбаева Мөлдір Ерланқызы:  «Жасыл ел» ЖЕЖ сарбазы

serikbaeba

«Жасыл ел» жобасы арқылы мен ақша табумен қатар жақсы достармен таныстым, түрлі іс -шараларға қатысып, өз ортамды толықтырдым. Бұл - маған үлкен мүмкіндіктер, серпіліс берді. Өз ауданымды, жерімді көгалдандыруға мен де үлесімді қостым деген сенімдемін.

Боранбаева Арзу Боранбайқызы: «Жасыл ел» ЖЕЖ сарбазы

arzu

«Жасыл Ел» еліміздің көгалдандыру мен  тазалығын сақтауға  ғана емес, оған қоса біздің отанымыздың өркендеуіне жауапты  жаңа буынды тәрбиелеп, жастарды жұмыспен қамтуға, студенттердің  патриоттық рухын көтеруге үлкен үлес қосып келеді. Біздің ауданда да  жыл сайын «Жасыл ел»  жасақтарының қатысуымен іс-шаралар  ұйымдастырылуда.

өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521