Жол құрылысы қарқынды жүруде

(0 Votes)

Биыл ауданда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік нысандарды қайта жаңғырту қолға алынды. «Жақсы жол - елге жора» демекші, Мақат кентінде жол құрылысы жұмыстары қарқынды жүруде.

Карантин мерзіміндегі көлік ағынының азаюын тиімді пайдаланған жергілікті билік ауданның жол мәселесін шешу мақсатында 3 жобалық-сметалық құжаттама жасап, мемлекеттік сараптамадан оң нәтижесін алған болатын.

img_2698

Мақат кентішілік 5,6 шақырым автокөлік және 3,2 шақырым жаяу жүргінші жолдарына күрделі жөндеу жүргізілетін болады.  Құрылыс жұмыстарын «Ақ жол құрылыс»  ЖШС-і жүргізуде. Аталған жоба ағымдағы жұмыстарына кенттегі С.Бекжанов көшесіне жаяу жүргіншілер жолы және "Болашақ» ықшам ауданы, КПД (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7) көпқатарлы үйлерінің аулаішілік жолдары жасалатын болады. Сондай-ақ, теміржол вокзалы маңына автотұрақ салу жұмыстары бастау алды.

img_2726

Сондай-ақ, Мақат кенті мен Бәйгетөбе ауылында 14,9 шақырым кентішілік автокөлік жолдары салынатын болады. Жол өңдеу жұмыстары кенттің шеткі аймақтарын да қамтиды. Мәселен, кенттің Б.Төлекбаев, Е.Аманбердиев, Ж.Жұмағалиев көшелеріне және Бәйгетөбе ауылының көшелеріне жол салынатын болады. Сонымен қатар аудандық орталық мешіттен мәдениет сарайына дейін жаяу жүргіншілер жолдарын салу қарастырылған. Қазіргі таңда су құбыры желілерінің жоба бойынша орын ауыстыру жұмыстары және футляр орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

img_2752

Үшінші жоба бойынша 8,25 шақырым кентішілік автокөлік және 3,2 шақырым жаяу жүргіншілер жолдары қайта жаңғыртылады. Ж.Жұмағалиев (3-ауыл), Парасат, Ә.Жангелдин, Егемен көшелерінің және «Мұнай айдаушылар» ауылы, 402 бекетіне қарасты жолдары салынатын болады. Жол мәселесі Бәйгетөбе тұрғындарының өзекті мәселесі еді. Енді халықтың тілегі орындалып, тұрғындар жазда шаң, қыста батпақтан құтылатын болды.

img_2747

Кенттегі тіршілік таң атқаннан күн батқанға дейін қызу жүруде. Жұмысшылар жұмысты бітірмейінше, бір тынбайды. Әрқайсысы өз міндетіне жауапты. Алыстан қарағанда, көз тартатын жүргінші жол кент келбетіне көрік қосатыны сөзсіз. Жұмыстың нәтижесіне қарап, оң баға беру әлі ерте. Дегенмен,  төселіп жатқан  жолдың бүгінгі кейпі қарқынды.

img_2697

Құрылысы аяқталғаннан кейін оның үстімен жүріп өткен тұрғындар жайлылықты сезінетіні анық.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Cуреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521