Қазіргі таңда ауданындағы эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды.
Соңғы аптада сырқаттың беті бері қарауда. Ауданда жалпы 279 адам коронавирус дертіне шалдыққан. Оның ішінде Мақат кенті – 137, Доссор кенті – 137, Бәйгетөбе ауылдық округінен - 5 жағдай тіркеліп отыр. Ал, науқастармен жақын қарым-қатынаста болған – 1068 адам бар. Вирус жұқтырған – 258 адам толықтай емделіп шықты. Оның ішінде Мақат кенті бойынша – 114 және Доссор кенті бойынша – 106 адам жазылған.
Бүгінде карантиндік стационарда ем қабылдаушылар жоқ. Ал, провизорлық стационарда - 9 адам емделіп жатыр. Мақат аудандық ауруханасының провизорлық стационарында – 7 науқас дәрігерлердің бақылауында болса, оның 1-еуі ауыр халде. Ал, Доссор селолық ауруханасының провизорлық стационарында – 2 науқас ем қабылдауда. Сондай-ақ, аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде – 2 науқас жатқызылған.
Аудан бойынша үй карантинінде – 35 адам оқшаулануда.
Ауыр науқастан қайтыс болғандар саны – 18 адам. Оның ішінде COVID-19-дан – 3 адам, пневмониядан - 15 адам көз жұмды.
Мақат аудандық жедел штабы
Сурет: ашық дереккөз