Жол-көлік оқиғасы көбейіп тұр

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен жиынның күн тәртібінде автокөлік жолдарындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол көлік оқиғаларының алдын алу бағытында атқарылып жатырған жұмыстар туралы полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Асхат Нұрманов баяндама жасады.

Баяндамашының айтуынша аудандық патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен өткен жылы ҚРӘҚБтК-нің баптарымен 3240 әкімшілік хаттама толтырылған.

Мәселен, өткен жылы 12 айда жол көлік оқиғалары адам өлімі мен дене жарақатымен орын алған жол-көлік оқиғалары бойынша 11 жол көлік оқиғасы болса, 7 адам өлімі, 20 дене жарақатымен ауруханаға түскен жолаушы тіркелген. Ал балалардың қатысуымен биыл 3, былтыр 1 жол көлік оқиғасы тіркелген. Полиция қызметкері жол көлік оқиғалар саны өткен жылдың 6 айындағы көрсеткішке биыл 3 айда жетіп отырғанын қынжыла жеткізді. Оның себебі, бұл оқиғалар ауданның елді мекендерінен тыс республикалық маңызы бар жолдарда орын алса керек.

Осыған орай, жол көліктерін басқарушылар қарсы бағытқа шығу, жылдамдық режимін асыру және жол қозғалысы қауіпсіздігіне шынайы қауіп-қатер тудыратын басқа да жол көлік ережесін бұзу деректерін анықтау шараларын ұйымдастырып, қатаң бақылауды қолға алған. Осыған ел болып, жауапкершілікті күшейтудің маңыздылығын алға тартқан А.Нұрмановтың пікірін комиссия мүшелері бірауыздан қолдады.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521