Жол бөлімінде - жаңа басшы

(0 Votes)

Аудан әкімінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі №113-ө өкімімен Әлсейіт Амангелдіұлы Сабыров «Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Әлсейіт Амангелдіұлы Сабыров 1975 жылы Атырау –қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары.

Атырау мұнай және газ институтында 1997 жылы «құрылысшы-инженер» және 2013 жылы «инженер-экономист» мамандықтары бойынша білім алған.

Алғаш еңбек жолын 1997 жылы «Атырау – Жолдары» АҚ-ң жол – құрылыс материалдары учаскесінің шебері болып бастаған.

Кейін құрылыс учаскесінің инженері. 2000–2013 жылдары Атырау қаласы әкімі аппаратының балық және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, энергетика және байланыс бөлімі басшысының орынбасары,экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары, басшысы қызметтерін атқарды.

Кейін Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

2017–2019 жылдары Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді. Отбасылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521