Иесіз ит жойылады

(0 Votes)

Адамға ең жүретін және бірге тұра алатын – ит пен мысық екендігін жақсы білеміз.

Алайда үй жануарларын бағып күтуде қандай ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау қажет екендігін біле бермейміз. Сондай-ақ, талаптарды сақтамау түрлі жағдайларға апарып соқтыруы мүмкін.

Әуелі ескерер жайт, үй жануарларының иесі аудандық ветеринариялық стансасы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына тіркетіп, ветеринариялық паспорт алып, жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация жүргізілуіне ықпал етуі қажет.

Сонымен бірге тұрғындар 2016 жылғы 28 қазандағы облыстық мәслихаттың №60-VI шешімімен бекітілген «Мақат ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидасын бекіту туралы» қағида талаптарын сақтауға тиіс. Сақтамайтын болса, оған бірінші кезекте ескерту беріледі қайталап ереже бұзатын болса «Әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 408-бабына сәйкес хаттама толтырылып, айыппұл салынуы керек.

Тұрғындар «Қаңғып жүрген иттерді неге осы атып тастамайды, сол қиын шаруа ма, оларға үкімет қып-қызыл ақша төлеп отыр ғой?» деп ойлайды. Бірақ егер мәселенің мәнісімен жақыннан таныссаңыз, мұның оңай-оспақ шаруа емес екеніне көзіңіз жетеді.

Өйткені, қаңғыбас иттерді көрінген жерде, көрінген уақытта атуға болмайды. Ит аулаушыларға оларды қуалап жүріп ұстауға тура келеді. Көше-көшемен, қуыс-қуыстардың арасымен қуалап, ау іспетті арнайы құрылғымен қаңғыбас итті шап беріп ұстап алу немесе әрекетке қабілетсіз ететін дозаланған препараттарды қолданатын пневматикалық қарумен атып алу керек. Өйткені, иттің аты – ит, жаны ышқынғанда қайырылып келіп, қауып алуы да мүмкін.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521